CaspianLife, 10 тамыз — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында өрт сөндірушілер өртенген шөпті екінші тәулік сөндіруде. 10 тамызда оларға Өскеменнен ТЖД-нің 20 қызметкері көмекке жіберілді, деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, өрт 40 гектар жерді алып кеткен. Оны сөндіруге жел мен өрт сөндіру машиналарының қозғалысын қиындататын жерлер кедергі келтіруде.
«Екінші тәулікте 40 га алаңға жайылған отпен 14 өрт сөндіруші күресуде, ШҚО ТЖД үш техникасы, автоцистерна және Қаратоғай тірек пунктінің бес адамы, екі автоцистерна және Ұранхай орман шаруашылығының қызметкері, бір техника бірлігі және Боран орман шаруашылығының бес қызметкері, КамАЗ және тау – кен өндіру ұйымының үш қызметкері, екі трактор және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері мен тұрғындар қатарынан 25 адам жұмылдырылды», — деп хабарлады ТЖД.
Өрт сөндірушілер атап өткендей, шөп өрттерін бақылау қиын, себебі олар тез жанады.