CaspianLife, 10 тамыз — 14 және 19 тамызда Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қазақстандағы Моңғолия азаматтары үшін Ұлан-Батырға репатриациялық рейстер ұшады. Аранйы рейстерді Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігі мен HunnuAir әуе компаниясы ұйымдастырды.
Қазақстанға көші-қон заңнамасын бұза отырып келген сол елдің азаматтары да Моңғолияға орала алады. Ол үшін оларға көші-қон қызметі басқармасына жүгіну қажет, деп хабарлайды Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұлан-Батыр – Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батыр бағыты бойынша арнайы рейс 14 тамызда, Ұлан-Батыр – Алматы – Ұлан-Батыр бағыты бойынша – 19 тамызда ұшады.
«Жоғарыда аталған арнайы рейстер Моңғолияға оралғысы келетін Қазақстан азаматтарын және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар Моңғолия азаматтарын, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін қабылдауға дайын. Бұдан басқа, көші – қон заңнамасын бұза отырып Қазақстанға келген Моңғолия азаматтары да Отанына репатриациялық рейстермен орала алады», — деп түсіндірді полиция департаментінде.