CaspianLife, 03 тамыз — Эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігіне және экономикалық қиындықтарға байланысты келесі жылы оқушылар мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киіммен де бара алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Бұл шешім коронавирустың сауда объектілерінде таралу ықтималдығын ескере отырып қабылданды, яғни ата-аналар мектеп формасын алу үшін сауда орындарында кезек тудыруы мүмкін, сондай-ақ қаражаттық фактор да әсер еткен. Аймағамбетовтың айтуынша, кейбір отбасыларда мектеп формасын сатып алу отбасылық бюджетке қосымша ауыртпалық түсіреді.
«Жақсы» және «жағымсыз» жақтарын салыстырып, біз әртүрлі жағдайларға байланысты балаларға мектеп формасын сатып ала алмайтындар үшін оны тағы бір жылға киюді міндеттемеу туралы шешім қабылдадық. Балалар уақытша, келесі оқу жылында мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де бара алады», – деп жазды министр.
Еске салсақ, өткен оқу жылында Асхат Аймағамбетов «мектеп формасы» ұғымы, оның қағидасы мен оған қойылатын талаптар ешқайда кетпейтінін, бірақ төтенше жағдай, карантин, шектеу іс-шаралары немесе форс-мажор кезеңінде оны ұқыпты классикалық киіммен ауыстыру мүмкіндігі көзделетінін айтқан болатын.