CaspianLife, 22 шілде — Атырау облысының Төтенше жағдайлар департментінде жаңа басшы. Департаменттің жаңа бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Сәбит Битаев тағайындалды.
Құрамға жаңа бастықты Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков таныстырды.
Сәбит Битаев 1976 жылы 14 қазанда дүниеге келген. Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесінің өрт қауіпсіздігі технигі мамандығы бойынша, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтының Өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша түлегі.
Әртүрлі уақытта Битаев азаматтық қорғау органдарында басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде Нұр-Сұлтан Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болды.