CaspianLife, 21 шілде — Коронавируспен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне төлемдер 1 тамыздан бастап екі есеге қысқарады, ал 1 қазаннан бастап мүлдем берілмейді. Бұл туралы «Covid-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасында хабарланды.
Денсаулық сақтау министрлігі жәрдемақыны алып тастауға халықты вакцинациялау және медицина қызметкерлеріне коронавирустан жеке қорғаныс құралдарын жеткілікті мөлшерде беру себеп болғанын түсіндірді. Оның орнына дәрігерлерге арнайы психоэмоционалды және зиянды жағдайларда жұмыс істегені үшін үстемеақылар мен қосымша ақылар тағайындалмақ. Оларға мына мамандар жатады:
- реаниматолог-анестезиолог дәрігерлер;
- инфекционисттер;
- реаниматология және анестезиология бөлімшелерінің анестезистері;
- эпидемиологтар;
- МСАК психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері;
- ядролық медицина орталығының қызметкерлері;
- дәрігерлер-паталогоанатомдар.
1 тамызға дейін бірінші қатер тобындағы медицина саласының қызметкері ең төменгі жалақының 20 еселенген мөлшерін (ЕТЖМ), екінші қатер тобындағы қызметкер -10 еселенген, үшінші қатер тобындағы қызметкер – бес еселенген мөлшерде алатын болады. 1 қазанға дейін төленетін төлемдердің мөлшері екі есе азайтылады, яғни бірінші тәуекел тобы үшін 10 ЕТЖМ, екінші тәуекел үшін бес ЕТЖМ және үшінші тәуекел үшін 2,5 ЕТЖМ.