CaspianLife, 21 шілде — Грузияда Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты іс бойынша сараптама нәтижелері жарияланды. Медициналық тексеру нәтижесінде Айтпаевтар отбасының туысы Мұрат Мейірбеков тарапынан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау фактісі расталды.
Еске сала кетейік, Әсел Айтпаева мамыр айының басында Грузияда көз жұмжы. Полиция күдікті Бесик Тордуаны ұстады. Грузия ІІМ мәліметінше, ол өлтіремін деп қорқытып, қызды зорлаған, мұндай қорлыққа шыдамаған қыз тоғызыншы қабаттан секірген. Оған 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнді. Бірақ, айыпталушы ауруханаға түсіп, кенеттен қайтыс болады. Өлім себебі анықталуда.
Одан бөлек, бұл іске тағы бір ер адам, яғни марқұмның туысы Мұрат Мейірбековтың да қатысы бар екендігі белгілі болды. 16 мамырда полиция оны Нұр-Сұлтанда ұстаған.