CaspianLife, 13 шілде — ҰҚК-нің Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстаннан Қытайға салмағы 700 келі болатын киік мүйізінің ірі партиясын шығару кезінде контрабанданы ұйымдастырушы мен оның сыбайластарын ұстады. Барлығы 3 144 мүйіз тәркіленді, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, 8 шілде күні Алматы облысы бойынша ҰҚК департаменті өңірдің шекара қызметі департаментімен бірлесіп, шет елдерге киік мүйіздерін заңсыз өндіру және контрабанда арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді.
«Сотқа дейінгі тергеп – тексеру шеңберінде 339-баптың 2-бөлігі («киікті заңсыз олжалау, жою, сол сияқты заңсыз олжаланған киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау») бойынша құқыққа қарсы қызметтің өзге де қатысушыларын анықтау, айыпталушыларда киік мүйіздерінің қосымша партияларының болуы бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде», — деп атап өтті ҰҚК.
Браконьерлік қызметтің нәтижесінде Қазақстандағы киік популяциясына айтарлықтай зиян келтірілгені атап өтілді, қазір олардың саны 800 мыңға жуық дарақты құрайды.