CaspianLife, 2 шілде — Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ауыл тұрғындарының малды жаппай жоюға мәжбүр екендігі туралы хабарламаларға түсініктеме берді. Әкімшілік СҚО-да жаппай мал сою фактілері тіркелмегенін мәлімдеді.
Әкімдіктің ақпараты бойынша, 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға (479-дан 498 мыңға дейін) артқан. Ауылдық округтің ветеринарлық қызметінің мәліметтері бойынша Березовка ауылындағы ІҚМ басы 147 құрайды (2021 жылдың 1 қаңтарына 141 болған).
Сонымен қатар, әкімдікте Қызылжар ауданының Березовка ауылы перспективалы елді мекен, жеке тұрғын үй құрылысы және спутниктік аумақ ретінде, мал шаруашылығын мақсатты дамыту перспективаларынсыз дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл ауылда жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету 75 пайызды құрайды.
«Жалпы өңір бойынша жеке сектор малдары үшін жайылымдық жерлерді ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда 77,3 мың гектар алқапта жеке ауладағы малға арналған жайылымдық алқаптар ұлғайтылды. Бұл жұмыстар жалғасуда», — деп атап өтті әкімдікте.
Бұған дейін БАҚ-та Солтүстік Қазақстанда жайылымдардың жетіспеушілігінен ауыл тұрғындары малды жаппай жоюға мәжбүр екендігі туралы ақпарат пайда болды. Мұндай мәселе жердің жергілікті кәсіпорындарға егін егуге берілгенінен кейін пайда болған көрінеді.