CaspianLife, 29 маусым — Гурам Андроникашвили 2021 жылдың 1 тамызынан бастап Директорлар кеңесінің мүшесі, мажоритарлық акционердің өкілі лауазымына ауысуына байланысты ForteBank Басқарма төрағасы қызметінен кетеді, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
«Гурам Андроникашвилиге атқарған жұмысы үшін алғыс айтамын. Оның басшылығымен банк клиенттік базаны ұлғайта және банктік өнімдер мен қызметтердің сапасын жақсарта отырып, жоғары қаржылық көрсеткіштермен тұрақты өсім көрсетті. Корпоративтік мәдениетті цифрландыру және трансформациялау бойынша үлкен қадамдар жасалды. Бұл Forte–нің одан әрі табысты дамуының кепілі болатынына сенімдімін», — деді банк акцияларының мажоритарлық пакетін ұстаушы Болат Өтемұратов.
Гурам Андроникашвили алғаш рет ForteBank Басқармасының төрағасы болып 2018 жылдың ақпан айында тағайындалды. Оның басшылығымен ForteBank-тің қаржылық көрсеткіштері банктің капиталдандыруын үнемі жақсартумен және өтімділігін күшейтумен тұрақты өсімді көрсетті. Осылайша, таза пайда 2,7 есеге, 2017 жылғы 20 миллиард теңгеден 2020 жылы 53 миллиард теңгеге дейін ұлғайды, капиталдың рентабельділігі 10,2%-дан 21,2% — ға дейін өскен.
ForteBank Басқармасы төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып Банк басқармасы төрағасының орынбасары Шолпан Нұрымбет тағайындалды.