CaspianLife, 28 маусым — Алматыда «Олимп» букмекерлік кеңсесінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Алмалы аудандық соты сотталушыларды 5 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасалуы мүмкін, деп хабарлайды Алматы сотының баспасөз қызметі.
Соттың мәліметінше, бұл істе 20-дан астам адам бар, олардың 11-і сотталушы, қалғандары іздеуде. Олар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны, салық төлеуден жалтарғаны және ақшаны жылыстатқаны үшін сотқа тартылды.
«Қылмыстық топ құрамындағы айыпталушылар 2014 жылдың қаңтар айынан бастап келесі операцияларды жасаған: компанияның серверлерінің орнын ҚР аумағынан тыс өзгерту, «Олимп» БК сайтына электронды казиноны интеграциялау. Түскен ақшалай қаражаттарды қолма – қол ақшаға айналдыру, шетел валютасына айырбастау және ҚР аумағынан тыс жерлерге шығару үшін курьерлерге беру, сондай-ақ оларды заңдастыру», — делінген хабарламада.
Сотталушылардың мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленеді. Сондай-ақ, 95 миллиард теңге сомасына материалдық залал өндірілді.