CaspianLife, 21 маусым — Армения премьер-vинистрінің міндетін атқарушы Никол Пашинянның партиясы мерзімінен бұрын өткен парламенттік сайлауда жеңіске жетті. Армения Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметтері бойынша Пашинян партиясы 53,92% дауыс жинаған.
Сонымен бірге, Арменияның экс-президенттері Роберт Кочарянның «Армения» блогы 21,04% дауыс жинаса, Серж Саргсянның партиясы – 5,23% дауысқа ие болыпты.
Сайлауға барлығы 25 саяси партия түскен.
Нәтижесінде республикалық қатысу көрсеткіші 49,4% құрады, бұл сайлау құқығы бар азаматтардың жартысына жуығы ғана.