CaspianLife, 17 маусым — Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті тұтынушының өтінішіне байланысты «Атырау-Жарық» АҚ қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіп, кәсіпорынға 5 млн теңгеге жуық айыппұл салды.
Монополист тұтынушының техникалық шарт беруге қатысты өтінішінің белгіленген мерзімнен кешіктіріп, оның қолжетімділігін қамтамасыз етпеген. Бұл тұста айта кететін жәйт, «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес, табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділік беруге міндетті.
«Бүгінгі таңда айыппұл төленді.Сонымен қатар заңбұзушылықтың алдын алу мақсатында департамент тарапынан нұсқама шығарылдв. 4,6 миллион көлемінде айыппұл салынып, бірақ оңайлатылған тәртіппен 7 күн мерзімде 50 пайыз соммасы төленді. Егерде осындай сұрақтар бойынша, тех-қ шартқа қатысты мәселелеріңіз болса, департаментке жүгінсеңіздер болады», — деді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Әлібек Төлепов.
Биыл бес табиғи монополия субъектісіне әкімшілік айыппұл салынған. Олардың төртеуі айыппұлды толықтай төлесе, ал қалған 1 субъектіге қатысты сот процесі жүріп жатыр.