CaspianLife, 14 маусым — Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында қайғылы оқиға тіркелді. Мердігер компаниялардың бірінің қызметкері көп тонналы жүк көлігінің астында қалып, қаза тапты.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл оқиға өткен сенбі, яғни 12 маусым күні сағат 17.00-де болған.
«Теңіз кен орнында «Шахман» жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі сол компанияның жұмысшысын қағып кетті. Нәтижесінде 29 жастағы ер адам қаза тапты», — делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі (еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.