CaspianLife, 8 маусым — ҚР Премьер министрі Асқар Мамин жұмыс бабымен Атырау облысына келді. Ол мұнай-химия және мұнай-газ машина жасау салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексеріп, Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысын бастауға рұқсат берді.
Бұл туралы премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады. Газ өңдеу зауытын 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл жоба Қашаған кен орнынан өндірілетін мұнай көлемін тәулігіне 450 мың баррельге дейін арттыруға мүмкіндік бермек.
Сонымен қатар үкімет басшысы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысымен танысты. Және биыл сәуір айында азот пен сығылған құрғақ ауаны өндіретін қондырғының құрылысын аяқтаған Air-Liquide Karabatan Tech Gaza Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорнында болды.
Сондай-ақ, ол «Атыраунефтемаш» компаниясының грейтинг және ыстықтай мырыштау цехының қызметімен танысты. Одан бөлек, Kaspi Bekiresi Limited балық аулау кооперативіне барып, шаруашылықтың жұмысын көрді.