CaspianLife, 8 маусым — Ақтөбе облысында бұршақтың астында қалған ұсақ мал қырылуда. Тоқтаусыз жауған жауын-шашынның кесірінен қой-ешкі тұра алмай қалған. Мал дәрігерлері төрт түлікке суық өткен деп отыр.
Шалқар ауданындағы екі ауылда 100-ге жуық ұсақ мал бұршақтан кейін пышаққа түсіпті. Оған себеп, жайылымда жүрген ұсақ мал тоқтаусыз жауған жауынды көтере алмапты. Тұрғындар жинап үлгерген қой-ешкіні ауылға жеткізіп, тірі қалғанын бауыздап алыпты.