СaspianLife, 31 мамыр — 3477 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өзінің басына оқ атып қаза тапты. Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растады.
«29 мамырда бекетте қызметте отырған, 3477 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Ілияс Мұратұлы Айдосов бекітілген қарудан басына оқ атып, оқиға орнында көз жұмды», — деді баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп, қызметтік тергеу тағайындалғаны белгілі. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда.
«Ұлттық ұланның» Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Айта кету керек, 3477 әскери бөлімі Өскеменде орналасқан.