СaspianLife, 28 мамыр — Шаһардағы Әуезов көшесінің бойында жасалып жатқан қайта жаңғырту жұмыстары кезінде кемшіліктер жіберілген. Оны «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» мамандары мониторинг барысында анықтапты.
Нақтырақ айтқанда, ескі асфальтты алу мен топырақ төсеу жұмыстары уақытынан кешіктірілген және жол жиегіндегі бордюрларды орналастыру технологиясы бұзылған. Орталық мамандары қателікке жол берген мердігер мекемегеге қатысты хаттама толтырды.
Әуезов көшесі бойындағы жөндеу жүргізілетін жолдың жалпы ұзындығы 2,8 шақырым, ал ені 14 метр. Жаңғырту жұмыстарына қазынадан 3 миллиард 227 миллион теңге бөлініп, 130 жұмысшы мен 50 техника жұмылдырылған.
Жол сапасын тексеретін орталық мамандары асфальт төсеу жұмыстары маусымның орта тұсынан кейін басталады деп отыр.