СaspianLife, 27 мамыр — АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Хосе қаласында қарулы адам атыс шығарып, салдарынан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды «Лос Анджелес Таймс».
Атыс сәрсенбіде таңертең теміржол депосының аумағында болды. Күдікті кейін өзіне оқ атып, қаза тапқан.
«Cегіз адам атыс құрбанына айналды, олар қаза тапты, бір күдікті өзіне оқ атқан», — дейді аудандық полиция өкілі Рассел Дэвис.
Сонымен қатар, полицейлер қылмыскер депоға барар алдында өз үйін өртеп жібергенін айтады. Ресми мәліметтер бойынша, ол адамдарға екі түрлі ғимараттан оқ атқан.
Дэвистің айтуынша, атыс шығарған ер адам – VTA теміржол компаниясының қызметкері 57 жастағы Самюэль Кэссиди.