СaspianLife, 26 мамыр — Беларусь Президенті Александр Лукашенко БАҚ және бұқаралық шаралар туралы заңдарды қатаңдату туралы түзетулерге қол қойды.
Енді Беларусьте:
— БАҚ-та келісілмеген акцияларды нақты уақыт режимінде жариялауға тыйым салынады;
— журналистерге акция ұйымдастыруға және оған қатысуға тыйым салынады;
-журналистер мен БАҚ өкілдеріне мемлекеттен рұқсат алмай қоғамдық-саяси тақырыптарға қоғамдық пікір сауалнамаларын жариялауға тыйым салынады;
— бұқаралық іс-шараларды жергілікті биліктің рұқсатынсыз өткізуге тыйым салынады;
— бұқаралық іс-шараларды өткізу ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеуге ақша жинауға тыйым салынады;
— Беларусь аумағында шетелдік азаматтар мен заңды тұлғаларға БАҚ құруға тыйым салынады;
— саяси және қоғамдық ұйымдарға акцияларды өткізуге ресми рұқсат алғанға дейін оларды ұйымдастыруға және өткізуге, шақыруға тыйым салынады;
— билік өкілдеріне ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда электр байланысы желілерінің жұмысын шектеуге рұқсат етіледі.