CaspainLife, 24 мамыр – Конго демократиялық республикасының 5 мыңдай тұрғыны Ньирагонго жанартауының атқылауы себебінен көршілес жатқан Руандаға бас сауғалай қашқан.
Лава тасқынынан құтылғандардың дені – елдің шығыс бөлігінде орналасқан Гома қаласының халқы. Әзірге зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Билік жанартауға жақын орналасқан елдімекендердің бәрін эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді.
Мамандар оның 2002 жылы болған құбылысқа қатты ұқсайтынын айтуда. Ол кезде лава Гома қаласын түгелдей басып тастаған еді. Тіпті, жергілікті аэропорттың ұшып-қону аймағы да табиғат құрбаны болды.
19 жыл бұрын жергілікті 1,5 млн тұрғынныңішінде 100 адамнан астам адам қаза тапты. Ал 600 адам қайтыс болған жағдай 1979 жылы тіркелді.
Сенбі күні басталған Ньирагонго жанартауының биіктігі 3 470 метрге жетеді.