Кешкі 11-де 102 операторының пультіне Нұрсая ықшамауданының 32 жастағы тұрғынынан қоңырау түсті. Ол өзінің азаматтық некедегі күйеуінің өз-өзіне қол жұмсамақ болып жатқанын хабарлады. Бұл туралы azh.kz хабарлайды.
Сол жерге барған полиция қызметкерлері пәтерде өзін аспақшы болған мас күйдегі ер адамды көрді.
Әйел өзара ренжісу кезінде күйеуінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын түсіндірді. Учаскелік инспекторлар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ер адам мұндайды қайталамауға уәде берді.
Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.