Коронавирусқа қарсы вакцинаны 18 жасқа толған, жазбаша түрде келісім берген және екпеге қарсы реакциялары жоқ азаматтар ғана салдырта алады. Кімге вакцина салдыруға болмайтыны туралы Алматы қаласы №4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Маман Алматы емханаларында «Спутник V» вакцинасымен иммундауды жүргізу алгоритмдері туралы айтып, коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін салдыра алатынын және кез келген адам вакцинадан жазбаша түрде бас тартуға құқылы екенін атап өтті.
«Вакцина екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші компонентте 0,1 медициналық дозада, содан кейін 21 күнде 0,5 медициналық дозада салынады» деді дәрігер ӨКҚ онлайн-брифингте.
Сондай-ақ маманның айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе вакцинацияға қарсы көрсетілімі жоқ, келісім берген және 18 жастан асқан азаматтарға ғана салынады.
Вакцинацияны немесе осыған ұқсас компоненттері бар вакцинаның қандай да бір компонентіне аса сезімталдық, анамнезінде ауыр аллергиялық реакциялар бар, жіті инфекциялық және созылмалы инфекциялық емес аурулары, созылмалы ауруларының өршуі бар, жүктілік және емізулі кезеңде, жасы 18-ге толмаған тұлғаларға вакцинаны салдыруға болмайды.