Ол ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды
Атырау облысында жол апатынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаменті хабарлайды.
«Жол апаты Атырау қаласы мен Мақат ауданындағы Доссор кенті арасын жалғайтын жол бойында болған. Жолда «Ореl» мен «КамАЗ» көліктері соқтығысқан. Жол апатынан 58 жастағы әйел зардап шеккен. Ол ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды», — деп жазылған хабарламада.
Жол апатының себебі анықталып жатыр.