Шаһардағы ең ірі сауда орталығы «Дина» базарында болған өрттен 50-ге жуық кәсіпкер зардап шекті.
Еске салсақ, 19 желтоқсанға қараған түні екі қабатты сауда үйі толығымен отқа оранған еді. Бутиктерді жалға алушылардың тауарлары мен кассалық аппараттары түгелдей күлге айналды.
Осыған орай, кәсіпкерлер палатасы мен екінші деңгейлі банкттер зардап шеккен кәсіп иелерімен кездесу ұйымдастырды. Олар шығынға батқан бизнесмендерге бутиктер мен кассалық аппаратты қалыпқа келтіру үшін жеңілдетілген несие беру жолдарын қарастырып жатыр. Ал кәсіпкерлер несиенің жедел берілгенін қалайды. Сондай-ақ, олар сақтандыру компанияларына жүгініп жатыр.
Нұрия ШАУАЛИЕВА,Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары
Бүгінде кәсіпкерлер кепілсіз несиеден үміттеніп отыр. Өйткені, бәрі жеңілдетілген несиені осыған дейін алып үлгерген. Біз оларды салық департаментіне шақырдық. Мамандар олардың мойнындағы салықты кейінге қалдыру бағытында жұмыстанып жатыр. Оған қоса, құжаттарын қалыпқа келтіру мәселесімен де айналысу үстінде.