Маңғыстауда жүк вагонында газ баллоны жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
5 науқас қазір Бейнеу аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Әсия Шонтыбаеваның мәліметінше, қазір 2 науқастың жағдайы аса ауыр халде.
«Асылбек Махамбетов — 1978 жылы туған. Қазпошта жолсерігі. Науқастың жағдайы аса ауыр. Денесінің 80%-ын күйік шалған. Беті мен аяқ-қолы күйген. Екінші науқас Қайрат Мақсатұлы 2009 жылы туған. ІІ дәрежелі, денесінің 60 пайызын күйік шалған. Жағдайы өте ауыр», — деді ол.
Тағы бір науқастың жағдайы орташа ауыр халде. Үсен Әлібаев 1985 жылы туған. Қазпошта жолсерігі. Денесінің 29-30 пайызын күйік шалған. Рысбек Әміров 1982 жылы туған. Маңғыстау облысының тұрғыны. Денесінің 20-22% күйік шалған. Мақсат Спамбетов 1989 жыл туған. Денесінің 40-45% күйік шалған.
Еске сала кетсек, бүгін таңға жақын Бейнеу ауданында жүк вагонынын өрт шығып, бес адамды күйік шалған болатын. ҚазАқпарат