Өз үйімізде тұруға қорқамыз. Бұл Балықшы ықшамауданындағы тұрғындарының жанайқайы. Олардың сөзінше, бірнеше жылдан бері апатты деп танылған үйдің жағдайы адам үркерлік. Мәдина Алмашеваның мұнда тұрақтағанына 20 жылдан асқан. Баспанасының содан бері жөндеу жұмысын көрмегенін алға тартқан ол шағымымен талай әкімге кіріп-шыққанын айтады.
Мәдина АЛМАШЕВА, апатты үйдің тұрғыны
Шапкенов Серік мырза өз кісілерін жіберіп, үй жаққа келіп, әр пәтерді қарады. Соңында контейнер жақтан үй береміз деп қабылдауына шақырды. Есігіміз жабылмайды. Машина жүргенде мына көше жақтан үйіміз секілдеп тұрады. Бір күні үстімізге түсіп кете ме деп қорқамыз.
Үй қабырғасындағы жарық саны күн сайын артып келеді. Жертөлені лас судан тазарту да тұрғындардың өз мойнында. Оған ашық-шашық электр көздері мен тарақандарды қосыңыз. Ал мүңкіген жағымсыз иіс қолқаны алады.
Жаңылсын МЕҢДІҒАЛИЕВА, апатты үйдің тұрғыны
Үйдің қабырғасы құлап түсті. Алатыным 45 теңге болса, осы жарды 40 мыңға жасаттым. Баратын жерім де жоқ. Енді үйдің тоғы да жарылайын деп тұр. Тоқтан ақау шықса, өліп кетеміз бе деп қорқамыз.
Қазір апатты үйде амалдың жоқтықтан он шақты отбасы жан бағып отыр. Олардың бар қалауы – қауіпсіз жерге қоныстану. Ал әкімдіктегілердің сөзінше, тұрғындардың жаңа үйге қашан көшетіні әзірге белгісіз.
Рафхат ЖОЛДИЕВ, қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі
Жеке компаниялар арқылы да орнына үй салып, тұрғындарға сол үйлерден үй беру мәселесін қарастырып жатырмыз. Құрылыс аяқталып, үйлер біткен жағдайда тұрғындарға хабарлайтын боламыз.
Дегенмен апатты үйдің тұрғындарына үй салып беретін компания анықталса, әкімдік тарапынан қолдау болады ,- дейді ондағылар. Енді тұрғындарда күтуден басқа амал жоқ.