Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың мәліметінше, Атырау облысында онкологиялық ауруға шалдыққандар саны – 4 100-ден астам.
Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі
Оның үш мыңнан астамы емдеуден өтті. Ауруға қарсы күрес ұймдастыру бағытында қазір рентген аппараттары, цифрлық момографтар, КТ және МРТ-аппараттары бір жүйеге қосылды. Бұл жүйе онкологиялық ауруды ерте сатыда анықтап, науқасты дер уақытында емдеуге мүкіндік береді.