«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Австрия астанасындағы террорлық шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл туралы содырлар өз интернет порталдарында хабарлаған.
Шабуыл нәтижесінде 4 адам қаза тауып, 20-дан астамы жарақат алды. Сейсенбі күні Вена орталығындағы террорлық шабуыл құрбандарын еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздік жарияланды. Ар сәрсенбіден бастап елде үш күндік ұлттық аза тұту басталады. Ел билігі діни және ұлттық төзімсіздікке жол бермеуге шақырды.
Себастьян Курц, Австрия канцлері
Біз бұл христиандар мен мұсылмандар арасындағы немесе автриялықтар мен мигранттар арасындағы қарама-қайшылық емес екенін түсінуіміз керек. Бұл бостандыққа сенетіндер мен соғысты қалайтындар арасындағы күрес. Бұл өркениет пен жабайылық арасындағы күрес. Біз ел болып бірігіп бұл күреске қарсы тұруымыз керек.
Австрияның ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шабуылды 20 жастағы Солтүстік Македония азаматы жасаған. Ол Сириядағы экстремистерге қосылуға әрекет жасады деген айыппен жазасын өтеп, өткен жылдың желтоқсанында мерзімінен бұрын босатылған.