«Бар жақсы – балаларға» дейміз. Дегенмен бүлдіршіндерге арналған ойын алаңының сиқы мынау. Әне-міне үзілейін деп тұрған әткеншектер жөндеуге сұранып-ақ тұр.
Шаһардағы балаларға арналған 100 ойын алаңы жөндеуді немесе қайта салуды талап етеді. Биыл оның 5-уі ғана қалыпқа келтірілген. Бүлдіршіндердің өзі базына айтпаса да, аулада асыр салған олардың бас амандығын ата-ана уайым қылған. Сынған сырғанақ пен үзілген әткеншекке қарап қай-қайсысының да қауіпті екенін айтады.
Ғалымжан ЖҰЛҚАШЕВ, қала тұрғыны
Бір жыл өтпей мынаның бәрі ұшып кетті. Бәрі сынды қирады бірақ ешқандай келіп жасаған жоқ, ауыстырамыз деген әңгіме де болған жоқ. Қай уақытта оңдайтыны белгісіз, әбден қирап кеткенннен кейін оңдайма ол жағы беймәлім. Жалғыз ол емес проходтың алдында үзілдіғо тоқ деген. Опасно мынаның бәрі.
Бақытжамал ТӘЖІКОВА, қала тұрғыны
Жөндеп берген дұрыс қой. Балаларға қауіп қой. Нұрсаяда балалар көп. Болашақ ауданында каждый үйде 4-5 баладан. Қауіп қой.
Тіпті, ойын алаңдарының бірінен электр желісінің қол жетер жерге дейін салбырап тұрғанын байқағанбыз. Әкімдіктен осы олқылықтың орнын түс аумай толтырамыз деген жауап алдық. Ал ескірген алаңқайдың жақында жаңғыра ма деген сауалымызға жергілікті билік жерге қарағандай сыңай танытты.
Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА, қала әкімінің баспасөз хатшысы
Сырым Датовтағы ойын алаңындағы жағдай біге таныс. Ол жерге ТКШ мамандары барады тоқты тиісінше көтереді. 0:21 Қазір пандемия жағдайындағы қаражат бөлу мәселесіне байланысты ескере отырып, қалалық әкімдік кәсіпкерлерге байланысты ірі-ірі осындай халық пайдаланатын балалар пайдаланатын орындар салу жөнінде ұсыныс жасады. Бұдан бөлек айтарым халыққа айтқым келетіні ойын алаңдары салынады күту тұрғындардың да жауапкершілігі.
Маманның сөзінше, қараусыз қалған нысандарды қайта жөндеу бюджедке біршама салмақ салып отыр. Сол себепті, тұрғындар тарапынан ортақ мүлікке ұқыппен қарауын сұрап, алдағы уақытта бұл мәселені шешуді құжат жүзінде реттеу жоспарда екенін айттты.