Кеше Атырау – Ақтөбе тасжолының Мақат кенті мен Жамансор ауылы аралығындағы пайдалануға берілмеген бөлігінде жол апаты болып, салдарынан 9 адам көз жұмды. Бұл ақпаратпен ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өзі әлеуметтік желіде бөлісті.
Бізге жеткен деректерге қарағанда, «Renault Duster» және «Gelly» көліктерінде болған жолаушылардың ішінде мектеп оқушыларының болғаны айтылады.
Қазіргі уақытта қайтыс болған адамдардың аты-жөні анықталып, оқиғаға байланысты жедел тергеу тобы жұмыс атқаруда.