Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров 182 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы жергілікті «Ақ Жайық» газетінің ресми сайты хабар таратты.
Хабарда күдіктілерді Атырауға арнайы астанадан келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері қолға түсірілгені айтылған. Одан басқа нақты ақпарат жоқ.