CaspianLife, 25 қараша. Тиісті шешімді «Самұрық-Қазына» қорының басқармасы қабылдады. Жаңа басшыны компания ұжымына Премьер-министр Олжас Бектенов таныстырды.
Бұған дейін Ерсайын Нагаспаев 2025 жылдың ақпанынан бастап Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарған. Сондай-ақ 2021–2025 жылдары «Қазақстан темір жолы» компаниясында басқарушы директор болған.
Жаңа басшылықтың негізгі міндеттері – елдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру, транзиттік тасымал көлемін ұлғайту, теміржол инфрақұрылымын дамыту және компания жұмысының тиімділігін көтеру.

