CaspianLife, 25 қараша. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды. Құжат 2026 жылғы 25 қарашада қабылданған.
Жаңа комиссия бағдарлам аясындағы жобалардың уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын қадағалап, бюджет қаражатына қатысты тәуекелдер мен тиімсіз шығындарды барынша азайтуды қамтамасыз етуі тиіс.
Бақылау бағдарламаны жоспарлау мен қаражатты бөлуден бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Мемлекеттік комиссия жобалардың орындалу мерзімін, құнын және мемлекеттік сатып алулардың заңдылығын бақылап, тәуекелі жоғары жобаларды анықтайды. Сондай-ақ оларды жоюға бағытталған шараларды әзірлейді.
Комиссия жұмысының нәтижелері туралы Президентке тұрақты түрде есеп беріліп отырады. Атап айтқанда, бағдарламаға жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша тоқсан сайынғы және жылдық есептер дайындалады.
Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы белгіленді.
Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, сондай-ақ өңірлер мен бизнес-қоғамдастық өкілдері енді.

