CaspianLife, 9 қыркүйек. 2026–2027 оқу жылынан бастап 2–4 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілі енгізілді. Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) алынып тасталып, оның орнына аралық бағалау жүйесі қолданылады. Ал, 1-сынып оқушыларын бағаламау тәртібі өзгеріссіз қалады.
Атырау облысы Білім беру басқармасының бөлім басшысы Айнагүл Жұмағазиеваның айтуынша, жаңа тәсіл оқушының тоқсан ішіндегі оқу нәтижелерін жүйелі түрде бағалауға мүмкіндік береді.
«Бағалау кезінде оқушының тек қорытынды нәтижесі емес, оқу барысындағы жетістіктері ескеріледі. Бұл мұғалімге баланың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде анықтап, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді», – деді Айнагүл Жұмағазиева.
Жаңа бағалау жүйесі бастауыш сынып оқушыларының оқу нәтижесін объективті бағалап, мұғалімге білім алушының ілгерілеуін бақылауға мүмкіндік беруге бағытталған.
(Дереккөз: Атырау облысының Білім беру басқармасы )

