CaspianLife, 8 қыркүйек. Атырау облысы бойынша Экология департаменті бүгін, 8 қыркүйекте, Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру бастады. Бұған ай басынан бері қаладағы ауа сапасының нашарлауы себеп болып отыр.
Бұған дейін өңірдің бас экологы түнгі уақытта ауа құрамындағы кейбір ароматты көмірсутектердің шекті рұқсат етілген концентрациядан 10-15 есе жоғарылағанын хабарлап, бұл жағдайды Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметімен байланыстырған.
Департаменттің мәліметінше, мәселе министрліктің бақылауында. Тексеру нәтижесі қосымша хабарланады.
Нұрбибі ТЕМІРТАСОВА

