Caspianlife, 26 тамыз. Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымдағы алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында айтылған.
Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымдағы бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласында шақырылады.
Мемлекет басшысы бұл шешімді Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес қабылдады.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақорда мәліметінше, бұл – Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымының алғашқы сессиясы.

