CaspianLife. 24 шілде. Маңғыстау облысының өнеркәсіп кәсіпорындары жыл басынан бері 2,1 трлн теңгеге өнім өндіріп, 3,6%-ға нақты өсім көрсетті. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында негізгі өзгерістер байқалуда: дәстүрлі өндіруші салалармен қатар өңдеу өнеркәсібі озық өсім қарқынын көрсетті. Биылғы қаңтар–маусым айларында өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 39%-ға артып, 186 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштер шикізаттық емес сектордың дәйекті түрде кеңейіп келе жатқанын және қосылған құны жоғары өнім өндірісінің артып отырғанын айқын көрсетеді. Оң серпін инвестиция саласында да сақталуда. Алты айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі шамамен 500 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Үкіметі хабарлады.
Өнеркәсіптік және көлік инфрақұрылымының дамуы өңірдің құрылыс кешенінің қарқынды жұмысына серпін беруде. Нәтижесінде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,8%-ға өсіп, 178,3 млрд теңгені құрады.
Өңірде тұрғын үй құрылысы да қарқынды жалғасуда. Жыл басынан бері 275 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға жоғары. Тұрғын үй қорының ұлғаюы халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, қалалық инфрақұрылымның одан әрі дамуына ықпал етуде.

