CaspianLife, 17 маусым. World Population Review талдау порталы әлемнің 180-нен астам елін қамтыған жан басына шаққандағы алкоголь тұтыну көрсеткішінің жаңартылған рейтингін жариялады. Зерттеу әдістемесінің негізіне World Health Organization деректері алынған. Онда 15 жастан асқан бір тұрғынға шаққандағы таза этил спиртін жылдық тұтыну көлемі литрмен есептелген.

