CaspianLife, 4 маусым. Ақтаулық жастар Мемлекеттік рәміздер күнімен ерекше құттықтады. Олар Каспий теңізінің көгілдір толқындары үстінде серуен қайықпен сапарға шығып, көк байрағымызды желбіретті.
Осылайша жастар отансүйгіштік қасиетпен ел рәміздеріне деген шексіз құрметін білдірді.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




