Caspianlife, 25 мамыр. Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтаса, оның 215 мыңы – мектеп бітіруші түлектер. Сонымен қатар 31 мыңнан астам 9-сынып оқушысы мен 18 мың 11-сынып түлегі үздік аттестатқа үміткер болып отыр.

