CaspianLife, 21 мамыр. Маңғыстау облысының табиғатты қорғау прокуратурасы өңір аумағындағы бұрғылау жұмыстары кезінде экологиялық заңнама талаптарының өрескел бұзылғанын анықтады.
Тексеру барысында Buzachi Operating Ltd компаниясының филиалы бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпті қалдықтарды жинақтаудың рұқсат етілген лимитінен айтарлықтай асып кеткені белгілі болды. Атап айтқанда, бұрғылау қалдықтарының көлемі белгіленген нормадан 513,2 тоннаға артық болған.
Қадағалау шараларының қорытындысы бойынша компания Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Компанияға 474 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.