Caspianlife, 19 мамыр. Бұл мәселе Үкімет отырысында айтылды. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл рейстер мәселесі көптен бері айтылып келе жатқанын, алайда нақты нәтиже жоқ екенін жеткізді.
«Жаңа халықаралық бағыттарды, атап айтқанда Еуропалық одақ елдері мен АҚШ-қа рейстер ашу жұмысын жеделдету қажет. Бұл ретте, билет бағасы бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Әсіресе, Астанадан ұшатын халықаралық әуе бағыттарына ерекше назар аударған жөн», — деп атап өтті Премьер-министр.
Сонымен қатар халықаралық маршруттық желіні кеңейтуге баса назар аударылды. Осыған орай Көлік министрлігіне осы жылдың соңына дейін елордамыздан Токио мен Нью-Йоркке, ал 2027 жылы – Астанадан Лондон, Париж, Рим, Вена сияқты Еуропа елдерінің астаналары мен басқа да қалаларына тікелей әуе қатынастарын ашу тапсырылды.

