Caspianlife, 23 сәуір. Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайдың сақталуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Дубайға тұрақты рейстердің тоқтатылуын 31 мамырды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартты.
Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билеттердің толық құнын айыппұлсыз қайтару немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдені қоса алғандағы рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады. Сондай-ақ жолаушылар тариф айырмасы мен әуежай алымдарын төлей отырып, Air Astana рейстері бойынша бағытты тегін өзгерте алады (ұшу мерзімі – 31 шілдеге дейін).
Сонымен қатар «егер билет бұрын айыппұл ұстала отырып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды» деп нақтыланды.
Әуе компаниясы өңірдегі жағдайды бақылауда ұстап, өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды қосымша хабардар ететінін мәлімдеді.

