CaspianLife, 13 сәуір. Астана қаласында ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми жобалар конкурсы аяқталды. Ауқымды додада маңғыстаулық дарынды оқушылар жоғары дайындық көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, шара Ғарышкерлер күні мен Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған. Халықаралық байқауға Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Гонконг (ҚХР АӘА) және Түркиядан 200-ге жуық оқушы қатысып, бақ сынады.
Жеңімпаздар тізімі:
I. AEROO Space AI Competition санаты
(Жасанды интеллект пен коммерциялық компоненттерді қолдана отырып ғарыштық жобаларды әзірлеу)
ІІ орын иегерлері:
-
Сарқытбай Джамиль – Ақтау қаласы, «Жас Қанат» жекеменшік мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
-
Өтемұрат Аянат – Ақтау қаласы, «Жас Қанат» жекеменшік мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
-
Балғабаева Жазира – Ақтау қаласы, «Жас Қанат» жекеменшік мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
-
Алпысбайқызы Кәусар – Ақтау қаласы, «Жас Қанат» жекеменшік мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.
ІІІ орын иегерлері:
-
Өтелген Айкөркем – Маңғыстау ауданы, Жармыш жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
-
Ботабай Аида – Маңғыстау ауданы, Жармыш жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
-
Таңатарова Аякөз – Маңғыстау ауданы, Жармыш жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
II. «Күн жүйесі» AEROO Rocket Science Competition санаты
(Су және модельдік зымырандарды жобалау, құрастыру және ұшыру)
ІІІ орын иегерлері:
-
Иса Аян – Ақтау қаласы, №14 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы;
-
Кеңес Алдияр – Ақтау қаласы, №14 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы;
-
Жанұзақ Азиз – Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы;
-
Ізбасқан Бағдәулет – Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы.
Бұл жеңіс өңірдегі жас зерттеушілердің ғарыш технологиялары мен жасанды интеллект саласындағы әлеуетінің жоғары екенін дәлелдеп отыр. Жеңімпаз оқушылар мен олардың жетекшілерін кәсіби мереке қарсаңындағы жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз!

