Caspianlife, 15 наурыз. Ол Қызыл балық ауылының №70 референдум учаскесінде дауыс берді. Оның сөзінше, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға әр азамат үлес қосуға міндетті.
«Бүгін мен өз таңдауымды жасадым. Әр азамат ел тағдырына бейжай қарамай, осындай маңызды саяси науқандарға қатысуы керек деп ойлаймын»,- деді Ерұлан Қабдолов.
Айта кетейік, дауыс беру учаскелері кешкі уақытқа дейін жұмыс істейді.

