Caspianlife, 15 наурыз. Атыраудағы №85 сайлау учаскесінде барлығы 2155 сайлаушы тіркелген. Аталған учаскеге келіп дауыс беруге мүмкіндігі шектеулі 14 азамат бар.
Бұл учаскеде дауыс бергендердің қатарында білім беру саласының ардагері Жәнібек Ибрашев те болды. Оның айтуынша, ел азаматтарының әр саяси науқан сайын белсенділігі артып келеді.

