CaspianLife, 15 наурыз. Учаске ашылған сәтте Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, алғашқы сайлаушы өз таңдауын жасады.
Алғашқылардың бірі болып дауыс берген доссорлық тұрғын Жәнібек Қабиұлы референдумның маңыздылығын атап өтті.
“Бүгін ауданда алғашқылардың бірі болып өз дауысымды беріп жатырмын. Бұл – әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, өз пікірін білдіретін маңызды сәт”,– деді ол.
Референдум учаскесінде дауыс беру талапқа сай ұйымдастырылып, тұрғындардың өз таңдауын жасауына барлық жағдай жасалған.

