CaspianLife, 15 наурыз. Учаскелерде Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, алғашқы дауыс берушілердің легі көріне бастады. Ауданда жалпы саны 15 референдум учаскесі жұмыс жасаса, оған 15 436 азамат дауыс беруге құқылы.
Сондай-ақ, халықтық референдум күніне орай Исатай ауданы әкімдігінің бастамасымен аудан орталығы Аққыстау ауылында тегін маршрут ұйымдастырылуда. Аталмыш маршрут үш бағыт бойынша қатынайды. Мақсат – халықтық референдумға қатысушы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.

