Caspianlife, 12 наурыз. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында құқық бұзушы Д.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 389-бабы 1-бөлігі (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын заңсыз сатып алу, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.
Соттың мәліметінше, азаматша Д. өз үйінде рұқсат құжаттарынсыз салмағы 30 келі, ұзындығы 3–3,5 метр болатын питон жыланын ұстаған. Бұл CITES талаптарына қайшы келеді.
Д.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, түсініктеме алу хаттамасымен және фотоматериалдармен толық дәлелденген. Аталған кодекстің 389-бабының 2-бөлігіне сәйкес жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу және жабайы жануарлар мен өсімдіктерді тәркілеу түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Сот қаулысымен Д. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Құқық бұзушылықтың сипаты мен құқық бұзушының жеке басы ескеріліп, айыппұл мөлшері 30 пайызға қысқартылып, 30 275 теңге болып белгіленді. Питон мемлекет кірісіне тәркіленді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.