CaspianLife, 1 наурыз. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында орналасқан “MunaiFieldService” ЖШС ұжымында 450-ден аса қызметкер еңбек етеді және олар өңірдің өндірістік , әрі сервистік әлеуетін дамытуға өз үлестерін қосып келеді. Аталған мекеменің бас директоры Белшер Нұрлан Түкмағанбетұлының бастамасымен, мекеме ұжымының ауыз біршілігімен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық бағытында маңызды әлеуметтік салаларға үлестерін қосып және өз саласында тұрақты жұмысты қамтамасыз етіп отырған үлгілі ұжымдардың бірі. Компанияның қызметі өңір экономикасының нығаюына және халықтың әл-ауқатының артуына ықпал етеді.
15 наурызда өтетін референдумға байланысты жиында ұжым атынан Әлеуметтік даму бөлімінің бастығы Сәнбибі Құлғараева сөз сөйледі.
Ұсынылып отырған өзгерістер еліміздің одан әрі дамуына, мемлекеттілікті нығайтуға және азаматтық қоғамның рөлін арттыруға бағытталған деп сенеміз.
Компания қызметкерлері жаңа Конституция елдің тұрақты дамуына, қоғамдық-саяси жүйенің тиімділігін арттыруға және тұрақтылықты нығайтуға берік негіз қалайды деп күтілуде.

